Бурабайда шенеуніктер дәмханада төбелес шығарды, деп хабарлайды Бақ.кз «Интерфакс-Қазақстанға» сілтеме жасап.
Басылымның ақпаратынша, Ақмола облысы Бурабай ауданының полициясы аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Оқиға өткен жексенбі Бурабай кентіндегі «Шаңырақ» дәмханасында орын алды. Бурабай ауданы аппаратының жетекшісі мен оның орынбасары төбелес шығарған», — деп мәлімдеді агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне төбелестің болғанын полиция да растаған. Салдарынан мекемеге 500 мың теңге мөлшерінде шығын келді.