Ділназ Ахмадиева «Қашан сәби сүйесің?» дегендерге зілді жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ділназ Ахмадиева «Қашан сәби сүйесің?» дегендерге зілді жауап берді

Ділназ Ахмадиева «Қашан сәби сүйесің?» дегендерге зілді жауап берді

Танымал қазақстандық әнші Ділназ Ахмадиева оның жеке өміріне қатысты сұрақтар қоятын желідегі оқырмандарынан шаршаған сыңайлы. Әнші &laq

  • 10 Қараша 2016
  • 2120
Фото - Caravan.kz

Танымал қазақстандық әнші Ділназ Ахмадиева оның жеке өміріне қатысты сұрақтар қоятын желідегі оқырмандарынан шаршаған сыңайлы. Әнші «Күйеуің қайда? Қашан дүниеге бала алып келесің?» деген сауалдың жиі қойылатынын айтып ашынды. Ахмадиева жеке өміріне шамадан тыс қызығушылық танытқан жандарға өз жауабын берді, деп хабарлады Стан.кз

Әнші ашықтан ашық оның жеке өмірі мен проблемаларына қатысты сұрақ қоюдан қымсынбайтын жандарды мәдениетсіз адам санатына жатқызды. Әдетте Ахмадиева ондайларға жауап қайтарып, бас қатырмайтын. Бұл жолы әнші желі оқырмандарының шектен шығып бара жатқанына шыдамаса керек-ті.

«Сіздер менің балаларға қатысты қандай қиыншылықтарға тап болғанымды қайдан білесіздер? «Тезірек бала ту» дегендеріңізді қалай түсінемін? Иә, әзірге дүниеге сәби әкеліп үлгермедім. Мүмкін оған денсаулығым мүмкіндік бермейтін шығар, оны сіздер білмейсіздер ғой. Мен өзім қалаған кезде, егер Жаратқан маған сәби сыйлауды нәсіп етсе, ол күн міндетті түрде келеді. Уақыты келгенде ол туралы бәріңізге айтып беремін. Ал әзірге, менің құрсағымды жайына қалдырыңыздар!» – деді ашынған әнші
НТК
арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.