Алматыда бұрын-соңды болмаған шоу-концерт өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бұрын-соңды болмаған шоу-концерт өтпек

Алматыда бұрын-соңды болмаған шоу-концерт өтпек

Бүгін Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз айдынында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен бұрын-соңды болмаған 5 саға

  • 16 Қараша 2016
  • 1233
Фото - Caravan.kz

Бүгін Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз айдынында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен бұрын-соңды болмаған 5 сағаттан астам уақытқа созылатын шоу-концерт өтеді деп хабарлайды Caravan.kz.

«Қазақстан» Ұлттық арнасы қазақ эстрадасы жұлдыздарының өнерін бағалап, тиісті дәрежеде марапаттайтын «Жыл таңдауы» — ұлттық телевизиялық музыкалық жүлде» жобасын үсынады. Бұл ғаламат шарада Роза Рымбаева, «МузАрт», Мадина Сәдуақасова, Ділназ Ахмадиева, «Ринго» тобы сынды 60-тан астам әнші мен эстрадалық топ өнерін көрсетеді.

Жобаның басты мақсаты – жылдың ең үздік әнін таңдау.

Елу адамнан тұратын қазылар алқасы ұсынылған нұсқалардан өз таңдауын жасады. Дауыс беру онлайн форматқа ыңғайластырылған және жасырын түрде жүргізілді. Таңдау тәуелсіз әрі шынайы болу үшін төрешілер түрлі сала өкілдерінен іріктелген.

Кештің шетелден келетін сыйлы қонақтары – «Istersen» әнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған түрік әншісі Бурай және Қытай сахнасын бағындырып жүрген қандасымыз Арай Айдарханұлы.


Кеш қонақтарын тосынсый да күтіп тұр. Кеште шетелдік қонақтар қазақстандық жұлдыздармен дуэт орындайды.

Перейти к новостям спорта