Алматыда Central Asia Monitor мен Radiotochka.kz редакциясын тінтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Central Asia Monitor мен Radiotochka.kz редакциясын тінтіп жатыр

Алматыда Central Asia Monitor мен Radiotochka.kz редакциясын тінтіп жатыр

Алматыда Central Asia Monitor басылымы мен Radiotochka.kz сайтының редакциясында коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерле

  • 16 Қараша 2016
  • 613
Фото - Caravan.kz

Алматыда Central Asia Monitor басылымы мен Radiotochka.kz сайтының редакциясында коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері тінту жүргізіп жатыр деп хабарлады Азаттық тілшісі. Тінту таңертеңгі сағат 10 шамасында басталып, кейін редакция адвокаты келген соң тінтуге рұқсат беретін тиісті орган құжатынан қателік тапқаннан кейін уақытша тоқтатылған еді. Түске таман тінту қайта жалғасты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, алғашқы тінту кезінде бюро қызметкерлері редакцияның екі ноутбугін тәркілеген. Тінту басталғанда адвокат Әлімжан Оралбай болмаған. Ол тінтудің орта тұсында келіп, тінтуге қарсылық білдірген.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі Азаттыққа тінтуге қатысты әзірге ақпараты жоғын айтып, түстен кейін хабарласуды сұрады.

Тінту Central Asia Monitor басылымының бас редакторы әрі Radiotochka.kz сайтының шығарушысы Бигелді Ғабдуллин бопсалау айыбымен ұсталғаннан кейін жүргізіліп отыр. Ұлттық бюро 15 қарашада Ғабдуллиннің "мемлекеттік органдары басшыларын бопсалады" деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Бюро ақпаратына қарағанда, Ғабдуллин өзіне қарасты БАҚ-ты пайдаланып мемлекеттік органдардың басшыларына олардың "іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдар жариялау жолымен" ақпараттық шабуыл жасаған. Кейін ол лауазымды тұлғалардан "сыни жарияланымдарды тоқтату үшін өз ақпарат құралдарына мемлекеттік тапсырысты бопсалаған".