Әйгілі Карповтан ұтылып қалған үш жасар шахматшының көңілі босап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйгілі Карповтан ұтылып қалған үш жасар шахматшының көңілі босап кетті

Әйгілі Карповтан ұтылып қалған үш жасар шахматшының көңілі босап кетті

Ресейде Михаил Осипов есімді үш жастағы шахматшы әлемнің 12 дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер, КСРО спорт шебері, Анатолий Карповпен шахмат ойнады.

  • 17 Қараша 2016
  • 1978
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы islam.kz жазады.

Жас талант Михаил Осипов небәрі үш жаста болғанына қарамастан, шахматты өте шебер ойнай алады.

44564564

“Не нәрсеге қызығасың?” деген жүргізуші сауалына ол, “шахматқа” деп жауап береді.

4654564

“Оның қорапшасындағы шахмат тастарының сылдырлағанына емес, жүргеніне қызығамын” дейді вундеркинд.

65655665

Жүргізуші сағат уақыты бойынша Карповқа 2 минут, ал Михаилға 10 минут береді. Шахмат ойнау кезінде талантты бала шахматтың теориялық қағидаларын да жатқа соғатындығын көрсетеді. Ол аңызға айналған Карповты ұтуға барынша талпынады.


Уақыт бітуге тақаған кезде, Карпов балаға ұтылып бара жатқанын айтып, тең түсуді ұсынады.

45454545464

Алайда вундеркинд бұл ұсыныстан бас тартады.

шахмат

Бірақ, ақыры әйгілі шахматшы жеңіске жетті. Жеңілгеніне өкінген Михаилдың көңіл-күйі барша көрерменді тебіренткен.