Almaty Towers бизнес орталығындағы өртке қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Almaty Towers бизнес орталығындағы өртке қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Almaty Towers бизнес орталығындағы өртке қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Аlmaty Towers-те өртеніп кеткен "Батут орталығы" директорының адвокаты Жохар Өтебеков өз қорғауындағы азаматқа таңдалған бұлта

  • 18 Қараша 2016
  • 1075
Фото - Caravan.kz

Аlmaty Towers-те өртеніп кеткен "Батут орталығы" директорының адвокаты Жохар Өтебеков өз қорғауындағы азаматқа таңдалған бұлтартпау шарасы туралы қаулыға шағым түсіруге ниетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Бостандық аудандық №2 соты Дәурен Тұяқовты екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдаған. Оның ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу") бойынша айыпталып отырғаны хабарланды. Бұл бап бойынша айыбы дәлелденсе белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. "Судья мұны ауыр қылмыс деп жазды және осыдан ең ауыр бұлтартпау шарасын таңдады. Алайда бұл қылмыс орта деңгейдегі қылмыс", — деп хабарлады адвокат. Сондай-ақ, заңгер ТЖД-ның өрттің мән-жайы туралы қорытындының әлі күнге ала алмағанын айтты.

Сонымен қатар, Өтебеков "Батут орталығы" директорымен кездескен соң оқиғаның жаңа деректерін білгенін хабарлады. "Тұяқовпен кездестім. Ол қаза болған студенттердің мәйіті табылған апаттық есікті жалға берушінің жауып қойғанын растап отыр. Сондай-ақ, эвакуациялық шығу жолы жатқан бұл дәлізде өрттің алдында шағын кеңсе ұйымдастырылған. Мен өрт кезінде ғимаратта болған адамдармен әңгімелестім. Олар бірнеше рет дабыл батырмасын басқанын, бірақ жүйенің істемей тұрғанын айтты. Яғни өрт дабылы ғимаратта ТЖ кезінде қосылмады. Кинотеатрдағы адамдардың дер кезінде шығарылғаны жақсы болған. Адамдар өрт сөндіру сплинкерлерінен аққан судың әлсіз болғанын айтып отыр", — деді Жохар Өтебеков.

Заңгердің айтуынша, қазіргі уақытта жеңілірек бұлтартпау шарасын таңдауды сұрамақ. "Шын кінәлілерді анықтауды сұраймын. Апат есігін жауып тастаған адам да, өрт дабылы істен шыққан ғимаратты жалға берген адам да жазалануы керек", — деді адвокат.


Еске салайық, 2016 жылдың 6 қарашасында Almaty Towers ғимаратында өрт шығып, 80 адамның эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылғаны айтылды. Ал кейінірек ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың студенттер екені анықталды.

Айта кетейік, университеттердің басшылығы мен ұжымдары қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл білдіріп, студенттердің отбасына материалдық көмек беріп жатыр. Осылайша, ҚазҰМУ-дың экономикалық кеңесі көз жұмған студенттің отбасына 300 мың теңгедей бөлді. Ал кейін Almaty Towers басшылығының қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңгеден беретіні белгілі болды