Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Қаскелеңде өтіп жатқан сот процессі айқай-шусыз болмады. Бұл жолғы отырысқа айуандықпен өлтірілген ағайындылардың жесірлері келген. Қанды оқиғаның қалай болғанын бастан-аяқ естіген олар көз жасын жасыра алмады. Ал айыпталушылардың екеуі кінәсін мүлде мойындамай қойса, ең басты күдікті -Талғат Сүлейменов өзіне тағылған айыптармен тек жартылай келісті. Айтуынша, ағайындыларды ол қасақана емес, абайсызда өлтірген. Десе де, соңғы сот сараптамасы оның сөзін түгелдей теріске шығарды. Себебі, ағайындылардың бірі атылған оқтан өлсе, қалған екеуі ауыр соққылардың салдарынан көз жұмыпты. Ал марқұмдардың артында 9 бала қалған. Оның үлкені – 13 жаста, кішісі әлі екіге де толмаған.