Елімізде алдағы күндері аяз күшейе түсейін деп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде алдағы күндері аяз күшейе түсейін деп тұр

Елімізде алдағы күндері аяз күшейе түсейін деп тұр

Синоптиктер 2016 жылдың 19-21 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті. Олардың айтуынша, Сібірдің солтүстік аудандары үстінде қалыптасқан суық және ауқымды антициклонның салдарынан елімізде нағыз қысқы ауа райы орнай бастаған.  

  • 18 Қараша 2016
  • 781
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

"Алдағы демалыс күндері республикада аяз арктикалық ауаның жаңа үлестерінің келуімен күшейетін болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура 30-35 градус, кей жерлерде 40 градус аяз болса, батыста 20-28 градус аяз күтілуде", — деп хабарлады мамандар.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да суық, қар жауу, кей жерлерде өте күшті шығыстық жел, боран күтілуде. Ауа температурасы алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында климаттық мәннен 13-20 градусқа төмен болады.