Нағыз қазақы даусымен дараланатын «МузАрт» тобының серілері өнердегі әріптестері, журналист әрі телепродюсер Гүлнұр Мамассарипованы туған күнімен құттықтап барды, деп хабарлайды Stan.kz.
Журналистикадағы әріптестері мен эстрада жұлдыздарының басын қосқан телепродюсер Гүлнұр Мамассарипова туған күнін дүркіретіп атап өтті. Кеш барысында Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев орыс тілінде ән айтып, тыңдармандарын таңқалдырды. Видеоны желіге продюсер Алуа Қонарова жүктеді.
«Аты аңызға айналған «МузАрт» тобының орыс тілінде ән айтқанын көріп пе едіңіз?» – деп жазды Қонарова.
“Мінсіз дауыс деген осы шығар”, “Қай тілде болса да керемет айтасыздар”, “МузАрт” тобын қытай тілінде тыңдауға да әзірмін”, “Нағыз әншілер”, “Қандай керемет”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.
Айтпақшы туған күн кешіне Мамассарипова продюсерлік етіп жүрген “МузАрт live” жобасының қатысушылары да қатысып өнерлерін паш етті.