Алматыда қарашаның 16-20 аралығында коммуналды қызметтер 53 256 текше метр қар шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, соңғы бес күнде 57 сатиметр қар түскен, бұл дегеніміз нормадан (15-20 сантиметр) үш есе жоғары. 20 қарашада білім беру, денсаулық сақтау және пәтер иелерінің кооперативі (КСК) мекемлерінде 9151 жұмысшы тартылған.
Еске салайық, Алматыда соңғы түскен қарға байланысты бұрын соңды болмаған деп атады. Әлеуметтік желіде әкімдік баспасөз қызметі қар тазалау жұмыстарының видеоларын жариялап жатыр. Дүйсенбіде, 21 қарашада, қала басшылығы көшелердегі қарды толығымен тазалауға уәде берді.