Исламда ажырасқандар қайта қосылу үшін әйелі өзге еркектен ажырасып келуі міндетті ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Исламда ажырасқандар қайта қосылу үшін әйелі өзге еркектен  ажырасып келуі міндетті ме?

Исламда ажырасқандар қайта қосылу үшін әйелі өзге еркектен ажырасып келуі міндетті ме?

«Талақ» сөзін теріс мағынасында бұрмалап пайдалану қоғамды тұрақсыздыққа әкеп соқтыратын фактор деді еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі. Аталған министрлік «талақ» сөзін түрлі ағымдардың негізсіз қолданып жүргенін айта келе, елімізде неке мәселесінің заңмен қорғалатынын айтты.

  • 21 Қараша 2016
  • 5935
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz тілшісі белгілі дінтанушы Мұхиддин Паттеевпен тілдесіп "талақ" сөзіне қатысты түсінік алған еді.

Дінтанушы Дін істері министрлігінің бұл айтқандарына толық қосылатынын жеткізді. Оның пайымдауынша «талақ» айтатындар көбіне радикалдық ағымдардың мүшелері. Олардың тіпті апта сайын ажырасып, қосылып жатуы дінге де, заңға да қайшы.

«Қазір олардан туған некесіз балалар көбейіп кеткен. Бұл «талақ» сөзін негізсіз қолданып жүрген соларға тосқауыл болу үшін жасалуда. Сәләф дейтіндер некені ойыншыққа айналдырып отыр. Ал дінде некені, талақты ойыншыққа айналдыруға болмайды. Өйткені ол үлкен күнәға алып баратын нәрсе. Исламда ажырасу рұқсат етілген нәрсе. Бірақ «талақ» сөзі бірге тұруға мүмкін болмаған жағдайда ғана шариғатқа сай болғанда амалсыз айтылатын нәрсе», — деді Мұхиддин Патеев.

Белгілі теолог бүгінде түрлі ағымдардың «талақ» сөзін модаға айналдырып жібергенін айтады. Ал талақ айту бір қоғамда модаға айналса жетім мен жесірлер көбейеді. Ал ондай қоғам көп ұзамай құрдымға кететін көрінеді.

«Иә, исламда талақ айтсаң кейін қайтып қосылуың үшін күрделі шарт жасалған. Ажырасқан әйелің басқа біреуге күйеуге тиіп, одан қайта ажырасқан жағдайда ғана қосыла аласың деген шарт бар. Ол үш рет талақ қылған жағдайда болатын нәрсе. Енді ол былайша айтқанда қайтып қосылмайды деген сөз. Бұл ер адам үшін масқаралық, төмендік болып саналады. Яғни оған жетпеу да, жеткізбеу де керек. Сондықтан отбасыны сақтау керек», деді дінтанушы.

«Исламда отбасы қасиетті киелі нәрсе болып саналады. Отан қандай қасиетті болса, исламда отбасы да сондай қасиетті. Отбасыны сақтайтын неке. Некені бұзатын талақ. Сондықтан дініміз бұл сөзге абай болуға шақырады. Ал жаңағыдай «талақ» айтып алып, кейін қайта қосылғысы келіп, сол үшін басқа бір ер адамды жалдап үйленіп," талақ жасап бер" десе, оған исламда қатаң тиым салған. Оған лағнет, қарғыс айтылған»,-деп толықтырды Мұхиддин Исаұлы.

Дінтанушының айтуынша, мұның бәрі ерлі-зайыптыларды  ажырасудан сақтау үшін, отбасыны қорғау үшін жасалған. Кетсең қайтып келуің қиын болатынын білдіру мақсатында белгіленген.Сондықтан әр адам шаңырағына ие болу керек деген сөз. Ал дінде талақты ер адамға берген.Талақ айту құқы әйел адамға берілмейді. Себебі әйел сезімге, ашуға тез беріледі.


«Екі елі ауызға төрт елі қақпақ деген. Шаңырақтың иесі, отағасы ер адам. Отбасы құрдың ба еркекше сөзіңде тұр. Отбасыңды сақта. Ал егер сәләфтар, тәкбіршілер сиқты шығып алып, «талақ» дей беретін болса, онда ол жігіт емес, мігіт деген сөз», деді дінтанушы М.Патеев.

«Сондықтан ауызға абай болмай талақ айтып қойсың, ол бақытыңа қайтып жете алмай қаласың, басқа біреуге қосылып, қайтып келуін саналы түрде біліп тұрып қосыла аласың ба жоқ па? Одан кейін баяғыдай махаббатың бола ма, болмай ма, ол күрделі мәселе.Сол үшін отбасыңа ие болуың керек. Исламда сол үшін де ажырасуды қиындатқан. Өйткені отбасы мәселесі исламда иманнан кейін келетін негізгі мәселе»,- деді дінтаншуы.

Өкінішке қарай қазір неке, отбасы мәселесін жете түсінбегендіктен елімізде жыл сайын үйленгендердің 40 пайызы ажырасап жатыр, деп түйіндеді Мұхиддин Исаұлы.