Ұсыныс парламент палаталарының отырысында айтылды. Парламент мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясының мәтінін оқып берді.
“Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгі есте сақталуы тиіс. Ел конституциясында біздің мемлекетіміздің бірінші президенті – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасаған орасан еңбегі аталып өтуі тиіс. Бұл ретте Елбасының атын еліміздің бас қаласына және басқа да маңызды нысандарға беруді ұсынамыз. Біздің ортақ мақсатымыз – Елбасының қасына топтасып, “Мәңгілік ел” құндылығын нығайту, тәуелсіз Қазақстан құндылықтарын быроймен сақтап, келесі ұрпаққа беру “, – деді Сұлтанов.
Сондай-ақ, декларацияда Астана қаласында “Тәуелсіз Қазақстан” монументін тұрғызу идеясы да көтерілген.