Клинтон АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған уақытта жеке пошта серверін қызметте пайдаланғаны төңірегінде жанжал туған болатын. Сайлау алды науқанында Трамп саясаткерді осы әрекеті үшін қатаң сынға алған еді.
Washinton Post газетінің хабарлауынша, Ақ үйдің қожайыны атанған Дональд Трамптың бұл шешімі елдегі саяси және құқықтық билік хаттамасының түбегейлі өзгергенінен хабардар етсе керек.
Осы уақытқа дейін Құрама Штаттарда қылмыстық қудалауды бастау немесе одан бас тарту құзыретіне бас прокуратура мен Федералдық тергеу бюросы иелік ететін.