Алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында температура көтеріліп, кей жерлерде қар жауып, боран соғып, қатты батыс желі тұрады деп күтілуде.
Таяу арадағы тәуліктерде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста суық антициклон өз ықпалын сақтап қалған, ол да бұзыла бастады, бұл температураның көтерілуіне апарып, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.