Алматыда қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтпек

Алматыда қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтпек

Жауырыны жер иіскемеген палуандарымыз қазақ күресінен өтетін халықаралық «Еуразия Барысы» турниріне тас түйін дайын.

  • 24 Қараша 2016
  • 653
Фото - Caravan.kz


Осымен төртінші мәрте ұйымдастырылатын байрақты бәсеке 1 желтоқсан күні Алматыда өтеді. Сегіз құрама боз кілемде Еуразия мықтысын анықтайтын болады. Олардың ішінде Моңғолия, Грузия және Ресей мен Польша сынды азулы құрамалар бар. Ал Түркияның орнына биыл Украина командасы қатысуға ниет білдіріпті. Бура санды палуандар сегіз салмақта белдесетін болады. Жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз 10 миллион, екінші орынға 6 миллион және үштікті түйіндеген құрама 4 миллион теңгені қалтасына басады. Биылғы жарыста допингтық бақылау күшейіп, төрешілер құрамы да кәсіби мамандардан құралады.