Еліміздегі ең танымал қылмыскерлердің тоқалдары қалай өмір сүруде? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі ең танымал қылмыскерлердің тоқалдары қалай өмір сүруде?

Еліміздегі ең танымал қылмыскерлердің тоқалдары қалай өмір сүруде?

Дина Нұралиева мен Айнұр Исинаны сұлулық байқауы жеңімпаздарының тәждері ғана байланыстырып тұрған жоқ. Екеуі де бүкіл елге әйгілі болып сотталған азаматтардың тоқалы боп саналады.

  • 24 Қараша 2016
  • 8876
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы Тоқтар Төлешов пен Қайрат Жамалиевтің сүйіктілерінің немен атағы шыққанын еске салуды жөн көрді.

Дина Нұралиева

ВКонтактедегі суретВКонтактедегі сурет

Тоқтар Төлешов атышулы іске шатылмай тұрған кезінде, яғни 2005 жылы Дина Нұралиева «Қазақстан аруы» атағын жеңіп алуымен танылды. Ал 2009 жылы ол «Әлем аруы» байқауының финалына шықты.

ВКонтактедегі суретВКонтактедегі сурет

Дина Нұралиева Қазақстан менеджмент, экономика және жоспарлау институтын (КИМЭП) «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Модель бизнесімен айналысады. Оның East Models агенттігі Шымкентте сұлулық байқауын ұйымдастырып жүр. БАҚ материалдарына сүйенсек, Нұралиева 2015 жылы тұрмыста болған. Және оның қызы бар екені айтылды.

ВКонтактедегі суретВКонтактедегі сурет

Алайда хас сұлу нағыз танымалдыққа «сыра королі» ұсталғаннан кейін ие болды. Сол кезде ғана оның Тоқтар Толешовтің төртінші әйелі екені жария етілді.

Тоқтар Төлешов пен Дина Нұралиева. 365info-дағы суретТоқтар Төлешов пен Дина Нұралиева. 365info-дағы сурет

Өткен жазда Нұралиеваның «Дархан Group» ЖШС бас директорының сыртқы экономикалық істер жөніндегі орынбасары болып, айына 2 282 000 теңге алып келгенін көрсететін құжат ғаламторда тарады.

365info-дағы сурет365info-дағы сурет

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Нұралиеваның карталық шотындағы ақша алынып тасталған. Сондай-ақ, Төлешовті соттаған судья алқа, әдемі түйреуіш, жүзік, білезік сияқты 183 әшекей бұйым тәркіленгенін айтты.

Осы айдың басында, Тоқтар Төлешовке қатысты үкім шығар алдында Дина Нұралиева ұл босанды.


Айнұр Исина

Әліби Жұмағұловқа қатысты атышулы іске дейін кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің азаматтық некедегі әйелі шағын ортада ғана танымал еді.

Айнұр Исина. Buro247-дегі суретАйнұр Исина. Buro247-дегі сурет

Айнұр Исина 2008 жылы «Астана аруы» атағын жеңіп алды. Бұл байқау қатысушыларымен емес, марапаттау рәсімінде болған ыңғайсыздау жағдаймен есте қалған еді. Шараны жүргізушілер жеңімпазды шатастырып алып,тәж алдымен Айнұрға емес, вице-ару Алтынай Меймановаға кигізілді.

Mod.kz-тегі суретMod.kz-тегі сурет

Исина сол жылы  Қазақстанның бірінші вице-аруы атанды.

Np.kz-тегі суретNp.kz-тегі сурет

Ақпарат құралдарындағы мәлімет бойынша, бұл келіншек Астанадағы Еуразия университетінде қаржыгер мамандығын оқыған. Айнұр өзінің бір сұхбатында жоғары экономикалық білім алып, магистратураны қызыл дипломмен тәмамдағанын айтқан еді.

Today.kz-тегі суретToday.kz-тегі сурет

Исина Қайрат Жамалиевпен ресми некеге тұрмаған. Кәсіпкердің Алена есімді әйелі бар. Күйеуге шыққанына 16 жыл болған Алена Жамалиева төрт қыз тәрбиелеп отыр.

Алена Жамалиева және оның қыздары. Today.kz-тегі суретАлена Жамалиева және оның қыздары. Today.kz-тегі сурет

Бірақ Айнұр тоқал болуды қораш санамайтын сияқты. Ол өзінің сұхбатында кәсіпкерді қорғап сөйледі әрі одан ұл тапқанын айтты.

Айнұр Исина, Қайрат Жамалиев және екеуінің ұлы. 365info-дағы суретАйнұр Исина, Қайрат Жамалиев және екеуінің ұлы. 365info-дағы сурет