Жергілікті телеарна таратқан хабарламаға сәйкес, Бразилиядан ұшқан ұшақтың бортында барлығы 82 адам болған. Олардың тағдыры туралы әлі құтқарушылар да, жергілікті билік өкілдері де тіс жарған жоқ. Дегенмен, апаттан адамдардың аман қалуы екіталай.
Ал, "РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, ұшақ бортында бразилиялық "Шапекоэнсе" деп аталатын футбол клубының ойыншылары болған. Спортшылар Колумбияның Медельин қаласына қарай бет алыпты. Мұнда олар Оңтүстік Америка кубогі аясындағы кезекті матчын өткізуі тиіс болған.