Журналист Бигелді Ғабдуллин қамаудан босатылмады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналист Бигелді Ғабдуллин қамаудан босатылмады

Журналист Бигелді Ғабдуллин қамаудан босатылмады

Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz порталының шығарушысы Бигелді Ғабдуллин қамауда қалды. Сот Ғабдуллиннің адвокаттары Мұхамедияров пен Сармановтың оны қамаудан үйқамаққа шығару туралы шағымын қанағаттандырмады.

  • 29 Қараша 2016
  • 577
Фото - Caravan.kz

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 61 жастағы Ғабдуллиннің ұсталғаны туралы 15 қарашада хабарлаған. Бюро ақпаратына қарағанда, Ғабдуллин өзіне қарасты БАҚ-ты пайдаланып, мемлекеттік органдардың басшыларына олардың "іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдар жариялау жолымен" ақпараттық шабуыл жасаған. Кейін ол лауазымды тұлғалардан "сыни жарияланымдарды тоқтату үшін өз ақпарат құралдарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған".

16 қарашада Алматыда Radiotochka.kz порталы мен Central Asia Monitor басылымының редакциясында тінту болған.

Radiotochka.kz-тің хабарлауынша, адвокаты соттың Ғабдуллиннің тергеу органдарына өз еркімен барғанын, оның жасын, жас балалары барын, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі екенін, үкімет тарапынан марапатталғанын ескермеген.

Астана қалалық сотының судьясы Элеонора Оңғарсынова Алматы аудандық сотының тергеуші судьясының 16 қарашада Ғабдуллинді екі айға қамауға алу туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырып, адвокаттардың шағымын қанағаттандырмау туралы қаулы еткен.


Кәсіби жазушы, ақын және публицистердің басын қосатын халықаралық ПЕН-клуб қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің қамалғанына қатысты алаңдаушылық білдірген.