Алматыда атышулы трансгендер жөнінде жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда атышулы трансгендер жөнінде жаңа дерек шықты

Алматыда атышулы трансгендер жөнінде жаңа дерек шықты

Алматыда атышулы трансгендерге қатысты сот басталды. Айыпталушылар орындығында қомақты соманы бопсалаған адам отыр. Ол жынысын өзгерткенімен, құжат бойынша 26 жастағы Кәрімжан Берқожаев деген Жамбыл облысының тумасы.

  • 30 Қараша 2016
  • 1798
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бірақ бүгін бірінші сот процессі басталмай жатып, кейінге қалдырылды. Бұл жәбірленуші тараптың келмеуіне байланысты. Сондай-ақ өзін Виктория деп атауды жөн санайтын айыпталушы қылмыстық іспен танысуға мүмкіндігі болмағанын алға тартты. Айта кетерлігі айыпталушы биыл сәуір айында Алматыдағы жеке клиникалардың бірінде жынысын ауыстырған екен. Сол жерде жәбірленушімен танысып, кейін жеке басына қатысты құпияны жайып саламын деп, 33 мың доллар талап етіпті. Бірақ әлгі адам айтылған қаржының үштен бірін ғана беріп, сол жерде Викторияны тәртіп сақшыларына ұстатып жіберген. Қазір Берқожаев құжат бойынша еркек болғанымен, әйелдерге арналған тергеу қапасында отыр. Ал ертеңнен бастап ол ресми түрде әйел деп танылмақ. Себебі жаңа құжаттары дайын болады.

-Біз Викторияға жаңа құжаттарды алуға көмектесіп жатырмыз. Тергеу амалдарын жүргізген тергеушіге 30 қараша, яғни, ертең бұл жұмысты аяқтауға бұйрық берілген. Ертеңнен бастап Виктория ресми түрде әйел болып саналады. Бұл – біздің алғашқы жеңісіміз, деді құқық қорғаушы Ардақ Жанәбілова.