Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Алайда үйдің 4-ші қабатта орналасқан пәтердегі өртті сөндірдік деп жөндеріне кеткеннен кейін, тілсіз жау 5-ші қабаттағы пәтерлерге ауысыпты. Салдарынан жоғарғы қабаттағы 3 пәтер отқа оранған. Бірінші өрттен кейін сол маңда жүрген полицейлер тұрғындарды тегіс далаға шығарыпты. Жұрт тіпті киім-кешектері мен құжаттарын алып үлгермеген екен. Ашынған тұрғындар енді өртті шала сөндіргендердің жайбасарлығына күйініп отыр.