Вена жаңалықтарынан кейін мұнай күрт қымбаттап, теңге бірден нығайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вена жаңалықтарынан кейін мұнай күрт қымбаттап, теңге бірден нығайды

Вена жаңалықтарынан кейін мұнай күрт қымбаттап, теңге бірден нығайды

Brent сұрыпты мұнайының баррелі Вена жаңалықтарынан кейін 10 пайыздан астамға көтерілді.

  • 2 Желтоқсан 2016
  • 1316
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы sputniknews.kz

Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда сессиясында АҚШ долларының орташа есептегі бағамы жұма күні $1 үшін 334,34 теңге деңгейінде тұрақтады, бір күн бұрын бұл көрсеткіш 342,03 теңге болатын деп хабарлады биржа. Brent маркалы мұнай бағасы 2 қарашадан бері алғаш рет бір баррель үшін 48 доллар мөлшерінен асып түсті. Белгілі болғандай, бейсенбі күні Қазақстанның тұңғыш президенті күнін атап өтуге байланысты KASE-де сауда жүргізілген жоқ. Доллар бойынша сауда көлемі сәрсенбі күні таңертеңгі мөлшердегі 36,2 миллион долларға қарсы жұма күні 57 миллион долларды құрады. ОПЕК-тің сәрсенбі күнгі бекіткен келісім бойынша, 2017 жылы 1 қаңтардан бастап мұнай алу көлемі күніне 1,2 миллион баррелден қысқартылып, 32,5 миллионға дейін жеткізіледі.