Қыдырәлі Болманов бір кездері Қайрат Нұртасқа продюсер болудан бас тартыпты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыдырәлі Болманов бір кездері Қайрат Нұртасқа продюсер болудан бас тартыпты

Қыдырәлі Болманов бір кездері Қайрат Нұртасқа продюсер болудан бас тартыпты

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды, деп жазады Стан.кз.

– Көп нәрсе жасадым деп жатырсыз. Ал Нұртас ағамыз не істеді?

– Жатақхананың акт залы болатын. Сол жерде видеомен Джеки Чан, Ван Дамме, Брюс Ли сынды актерлердің теледидардан бермейтін киноларын көрсететін. Бұл видеоның жаңа шығып жатқан кезі. Соған студенттер 1 сом

  • 5 Желтоқсан 2016
  • 3634
Фото - Caravan.kz

– Көп нәрсе жасадым деп жатырсыз. Ал Нұртас ағамыз не істеді?

– Жатақхананың акт залы болатын. Сол жерде видеомен Джеки Чан, Ван Дамме, Брюс Ли сынды актерлердің теледидардан бермейтін киноларын көрсететін. Бұл видеоның жаңа шығып жатқан кезі. Соған студенттер 1 сом ақша төлеп кіреді. Сол жерде жұмыс істейтін.

– Қайрат шаурма сатып тұрған кезде ана ретінде іштей сездіңіз бе? Мына бала болашақ жұлдыз болады, елге танылады деп ойладыңыз ба?

– Сол кезде мен оны жетектеп жүріп “Әнші балапанға”, басқа да ән байқауларына қатыстыратынмын. Өз арманымды қалай орындайтынымды білмей, күні-түні Құдайдан сұрай бердім. Қайрат маған “мені жұлдыз қылыңыз” деп ешуақытта өтініш айтқан емес. Мен оны жұлдыз ретінде көретін едім. Армандағаным соншалық, Майра Ілиясоваға, Қыдырәлі Болмановқа бардым. Республика сарайының үстіңгі қабатындағы кеңседе Қайраттың видеоларын көрсетіп, әндерін тыңдаттым. Ол кезде Қайрат 6-7 сынып оқиды. Жаңағы касетаны теледидарға қосып, Қыдырәліге “Мына жерге қараңызшы, ол “Әнші балапанға” қатысқан” дедім. Қыдырәлі телефонмен сөйлесіп жатыр. Арасында оның көзі видеоға түсіп кетсе, қуанып кетемін. Бірақ онша елемеді, басым салбырап қайттым.

Одан Алтынбек Қоразбаевқа бардым. Ол кісі “Әлі дайындалуы керек” деп елемеді. Майра Ілиясова “Оқыту керек. Келіп қатыссын” деді де қойды. Іштей “Неге ешқайсысы оны көрмейді” деген ой келді. Бір күні концертке бардым. Сол жерде “Жігіттер” тобы ән айтып жатыр екен. Бірде Асқар Жүнісбеков шықты. Жігіттер төртеу, Асқар Жүнісбеков жалғыз, соңғысының қасына дуэт қылып алсын деп айтайын ба деп армандап отырмын. Ол жерде арманым орындалмайтындай болып, концерттен қайтып кеттім. Үйге келе жатып өздігінен көңіл күйім түсіп кетті. “Мен неге біреулерге қызығып, олардың алдыларыда “Баламды көріңізші” деп жалынып жүрмін. Бейшара болып жүргенім қалай? Неге олардан продюсер болуын өтініп жатырмын?” деген ой келді.

Ұйымдастырушыға “Алдында тұрып сатсам да, осыншама билетіңді сатып беремін” деп жатып Қайратты “Шаншарға” шығартқыздым. Өктем Алтаевтың концертінде ән айтқыздым. Сахнаға көрермен гүлді әкеліп,”Анау жас баланың даусы жақсы” деп Қайратқа бәрі кезекпен тұрып беріп жатыр. Одан сайын үмітім ояна түсті. Үйге келген соң ұйықтай алмадым. “Мен де солар секілді адаммын. Олардың қолынан келген нәрсе неге менің қолымнан келмейді?! Неге мен өзімді түсіріп бұлай жүрмін?” деп жаңағы кісілердің алдына барғаныма намыстана бастадым.

Қайратты “Әнші балапанға” алып барғанымда, үш-төрт күн жарыс болды. Мұны аса ешкім сезбейді. Ана жерде қырғын тартыс болып жатады. Менің ол жерде танысым да жоқ. Ұлықпан қызын апарып жатыр. Іштей “Ұлықпанды барлығы таниды, мені ешкім танымайды. Балама ешкім қарамай қоятын болды ғой” деген ой келді. Одан қалса “Баласы жұлдыз болады деп жүр ме? Тамағы қайда? Түскі ас пісірілмей қалыпты” деген ағайынның сөзі жаныңа батады. Бар уақытымды балама бөлуге тырыстым. Қайратты 9 сыныптан кейін колледжге апардым. Өтпелі кезеңде болғандықтан, бастапқыда одан бас тартты.

Мен “Жоқ! Қалай да болсын баламды оқуға түсіруім керек. Оның әнші болуын армандаймын” деп сол жерге орналастырдым. Өзім Астанаға көшіп кетіп, сол жақтан “Үй тағамы” деп аталатын асхана аштым. Барлығы жақсы болып келе жатқан кезде жаңағы жер бұзылатын болып шықты. Амал жоқ бұзылды. Бір күні “Мына екі ән ұнап тұр” деп үйге Қайрат келді. Олар – “Таңғы елес” пен “Арман” әндері. Соңында “Арманға” ән жаздырып, 3700 долларға бейнебаян түсірдік. Бұл ақшаға бір кішігірім үй алуға болатын еді. Телеарнаға беруге де біраз ақша кетті.


– Балаңыздың әні хитке айналған сәттегі сезім есіңізде ме?

– Ол кездегі қуаныш мүлдем бөлек. Қайрат құрсағыма біткен сәттен бастап, оның әнші болуын армандадым. Қытайдан достарымыз телефон шалып, “Арман” әнінің хитке айналғанын айтты. Жұрт “Бұл әнші соқыр бала екен. Ол қайтыс болып кеткен екен” деп өсек шығара бастады. Мұны бейнебаянда көзілдірік тағып жүргенімен байланыстырса керек. Қайтыс болды дегенді естіп, Қайратқа хабарластым. Ол тұтқаны көтермейді. Біраз қорықтым. Іштей оның өмір жасы ұзақ болсын деп тіледім.

Жаңағы “Арманнан” кейін оның әндері біріннен кейін бірі хит бола бастады. “Көз жасың көмектеспейді”, “Жаздың соңы”, “Айналайын”. Әндерін жұрт күтіп тұрғандай болатын. Қыдырәлі Болмановқа да, Майра Ілиясоваға да рахметімді айтамын. Қай қайсы болса да, бірден ала салмағанына қуанамын. Өйткені солардың арқасында мен намысқа тырысып, осының барлығына жеттік.

– Қақаған аязда афиша ілгеніңіз рас па?

– Мен балаларға плакаттарды іліп шығыңдар деп екі жүз доллардан төлеп отырдым. Артынша плакаттарды бір-екі жерден ғана көремін. Олар жас балалар болған соң, ілмей қоя салған шығар деп те ойлаймын. Кейін жұрттың бәрі ұйықтап қалды-ау деген сәтте көлікпен шығып, афишаларды іліп шығамын. Қасымды қайын інілерім жүреді. Тырнағымның ашитыны есімнен кетпейді. Қолдарым, тіпті, аяздан істемей қалады. Бірінші концерті Ақтөбе қаласында өтті. Үлкен стадионды жалға алғанмын…

Арасында ән айтып беріңдер деп “Бақай” тобын шақырып қойғанмын. Олардың гонорарын да келісіп қойған едім. Қолымдағы 100 билетім ғана өтті. Содан концерттің жарнамасын теледидардан бергіздім. Концерт кезінде стадионға адам лық толды. Біреулер есікті сындырып, балалар аналарын боқтап жылап тұр. Титтей балаларда Қайраттың жүзін көре алмай қаламыз деген қорқыныш бар. Бастапқыда стадионның арендасын қалай өтеймін, Бақай тобының ақшасын қалай беремін деп жынданып кете жаздағам. Бірақ адам көп келген кезде, қатты қуандым.

– Күйеуіңіздің тоқалы бар екені рас па?

– Күйеуімнің тоқалы болған емес, болмайды да деп ойлаймын. Тоқалы бар адам өзі белгілі болады ғой. Кешке үйіне келмей, жан-жаққа кетіп қалады. Маған еркектің бұл қасиеті ұнамайды. Жолдасымнан мұндайды күтпеймін. Оны Нұртас та жақсы біледі. Кейде өзі “16 жастағы 16 қызды әкеліп қойса да, Құдай сенен айырмасын. Сенің алдыңда кетейін” деп айтып отырады. Жұрт екеуі екі жақта тұрып жатыр екен деген алып қашпа сөз шығарып алыпты. Мен әдетте Қайраттың жұмыстарымен көбінесе Алматыда жүремін, әкесі Астанада жұмыс істейді.