Бас прокурор өз-өзін өртеп жіберген әйелге қатысты іспен жеке айналыспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокурор өз-өзін өртеп жіберген әйелге қатысты іспен жеке айналыспақ

Бас прокурор өз-өзін өртеп жіберген әйелге қатысты іспен жеке айналыспақ

Бас прокурор ашынған әйелді мұндай қадамға апарған мәселемен өзі жеке айналысуға уәде берді. Сондай-ақ, Жақып Асанов сейсенбі күні тура өзі басқаратын мекеменің алдында болған оқыс оқиғаны сұмдық жағдай деп атады.

  • 7 Желтоқсан 2016
  • 922
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik тілшісі хабарлады.

Бұл сұмдық жайт, қазір сонымен айналысып жатырмын. Мұның бәрі тектен-тек емес. Адамдар сөзіне ешкім құлақ аспағанда осындай қадамға барады", — деді Асанов тілшілерге.

"Қазір оның тезірек сауығып кетуін күтіп отырмыз. Қажет болса, көмек көрсетеміз. Бұл мәселемен өзім айналысамын, бірақ алдын ала оған қатысты заңсыз шешім қабылданды дей алмаймын. Қалай болғанда да, сот үкімі шығарылды. Біз бәрін мұқият қарастырамыз", — деп сендірді ол.

Асановтың сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта прокуратура "арыз-шағымның астында қалды",  сол себепті "адамдар мемлекет қолдауын сезіну үшін орасан зор жүйелік өзгерістер" қажет. 

Айта кетейік, еліміздің Бас прокуратурасы ғимаратының алдындағы оқыс оқиға кеше болған еді. Құқық қорғау орындарына ашынған әйел сол жерді өзін өртеп жіберді.


Куәгерлер әйел соттың шешіміне келіспегендіктен осындай қадамға барып, өзіне биліктің назарын аудартпақ болғанын айтуда. Оның баласын есірткі үшін соттап жіберген, алайда ана ұлын кінәсіз деп есептейді.

Әйел әлі де өте ауыр жағдайда.