Әсіресе солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде 33 градустық аяз күтіледі. Ал Батыс Қазақстанда күндіз сынап бағанасы 17-22, түнде 23-28 суықты көрсетеді. Синоптиктер қар жауып, желдің екпіні күшейе түседі деп отыр. Кей жерлерде көктайғақ болады. Ал нағыз қыс желтоқсанның соңына қарай басталып, ауаның температурасы Жаңа жыл қарсаңында 38 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.