АҚШ-тан жеткен хабар мұнай бағасын өсіріп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тан жеткен хабар мұнай бағасын өсіріп жіберді

АҚШ-тан жеткен хабар мұнай бағасын өсіріп жіберді

Бейсенбі күнгі саудада мұнай бағасы АҚШ-тың мұнай қорының азаюы мен доллардың әлсіреуіне байланысты жарияланған мәліметтен кейін біртіндеп көтеріле бастады, деп хабарлайды Investing басылымы.

  • 8 Желтоқсан 2016
  • 990
Фото - Caravan.kz


Жалпы, апта басынан бері АҚШ мұнай қоры төмендеп, 485,8 млн баррельге дейін азайған.

Осының нәтижесінде бүгін Астана уақытымен 11:50-де Брент маркалы мұнайының құны 0,06 пайызға көтеріліп, 53,02 долларға қымбаттады.

Қазіргі таңда саудагерлердің бар назары 10 желтоқсан күнгі ОПЕК жиналысында болғанымен, әлі де болса қара алтын бағасының көтерілуі үшін олар экономикада жағымды жаңалықтардың көбірек болуы керектігін алға тартады.