"Желтоқсан желінің" авторы бұл әннің тура сол сұрапыл күндері шыққанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Желтоқсан желінің" авторы бұл әннің тура сол сұрапыл күндері шыққанын айтты

"Желтоқсан желінің" авторы бұл әннің тура сол сұрапыл күндері шыққанын айтты

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған "Желтоқсан желі" әні тура сол сұрапыл күндері шыққан екен. Бұл туралы осы керемет туындының авторы Әбиірбек Тінәлі Фейсбуктегі парақшасында жазыпты.

  • 12 Желтоқсан 2016
  • 6201
Фото - Caravan.kz

Әбиірбек Тінәлінің айтуынша, өзі ол кезде Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер болыпты. 

Әнші-сазгер Әбиірбек ТінәліӘнші-сазгер Әбиірбек Тінәлі

"Қазақтың өрімдей-өрімдей жастары әділдік іздеп Орталық алаңға шыққан шақтары… Біздер де жап-жас жігіттерміз. Газеттен жалған ақпарат оқыдық.Жазықсыз қазақ жастарына жала жабылғаны жайында… Осыншалық жастардың түгелдей дерлігі бір мезетте арақ ішіп алып, бүлік шығарып жатыр дегендеріне қу жүрегіміз сене қоймады. Жұдырығым әлденеге тарс жұмылып,өз-өзімнен ыңылдай бердім. Біздерді Алматыға қарай жібермеді.17 желтоқсан күні ойда-жоқтан ақын Әбдрахман Асылбек ағаны кездестірдім. Ағама көңіл-күйімді айттым. Ызыңдап жүргенімді байқаған ақын оның себебін сұрады. Өзара ақылдаса келе, ол кісі мені мұқият тыңдады. "Мынауың ән ғой!" деді. Мені әлденелер мазалап жүргенін айттым. Әрине,Алматыдағы болып жатқан жалақорлықтың себептері екенін жеткіздім. Ашық жазуға болмайтынын саналы түрде сезінген біздер сонау 1969 жылғы қатты қыс болған желтоқсанды меңзеп, ән мәтінін жаздық. Сөйтіп, ойымыз бір жерден шығып, өмірге "Желтоқсан желі" деген әніміз келді. 2016 жылдың 16 желтоқсаны күні бұл әнге де тура 30 жыл толады екен" дейді сазгер.


…Бұл ӘН сонау 1986 жылдың сұрапыл,дауылды 16-шы желтоқсаны күні өмірге келген еді…Ол кездері мен Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актёрмын… Қазақтың өрімдей-өрімдей жастары әділдік іздеп Орталық алаңға шыққан шақтары… Біздер де жап-жас жігіттерміз… Газеттен жалған ақпарат оқыдық.Жазықсыз Қазақ жастарына Аймандай жала жабылғаны жайында… Осыншалық жастардың түгелдей дерлігі бір мезетте арақ ішіп ап,бүлік шығарып жатыр дегендеріне қу жүрегіміз сене қоймады…Жұдырығымыз әлде неге тарс жұмылып,өз-өзімнен ыңылдай бердім…Мазасыздық… Біздерді Алматыға қарай жібермеді…17-ші желтоқсан күні ойда жоқтан ақын Әбдрахман Асылбек ағаны кездестірдім… Ағама көңіл-күйімді айттым… Ызыңдап жүргенімді байқаған ақын оның себебін сұрады… Өзара ақылдаса келе, ол кісі мені мұқият тыңдады… -Мынауың ән ғой!-деді… Мені әлденелер мазалап жүргенін айттым…Әрине,Алматыдағы болып жатқан жалақорлықтың себептері екенін асыға жеткіздім…Ашық жазуға болмайтынын саналы түрде сезінген біздер,сооонау 1969 -жылғы қатты қыс болған ЖЕЛТОҚСАНДЫ мегзеп ән тексін жаздық…Сөйтіп ойымыз бір жерден шығып,өмірге "ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ"деген әніміз келді… 2016 жылдың 16-шы желтоқсаны күні бұл ӘНГЕ де тура 30 жыл толады екен… Ұрпағымыз аман,Азаттығымыз баянды болсын!!!ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ МЕРЕКЕСІМЕН БАРША ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ШЫН ПЕЙІЛІММЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН

Posted by Әбиірбек Тінәлі on Saturday, December 10, 2016