Өзбекстанның жаңа басшысы шенеуніктерге үлкен өзгеріс болатынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанның жаңа басшысы шенеуніктерге үлкен өзгеріс болатынын мәлімдеді

Өзбекстанның жаңа басшысы шенеуніктерге үлкен өзгеріс болатынын мәлімдеді

Өзбекстанның жақында сайланған президенті Шавкат Мирзиёев айтқандай, мемлекеттік құрылымда күрделі реформалар жүргізіледі, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі "артық" лауазымдар қысқартылып, міндеттіліктерін өткермегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту енгізілуі мүмкін деп жазады Sputnik Өзбекстан.

"Біз президент аппараты мен министрлер кабинеті аппаратының қызметін жетілдіруге, қабылданатын заңдар, қаулылар мен жарлықтардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлеміз", — деп атап өтті Өзбекстанның жаңа басшысы.

  • 12 Желтоқсан 2016
  • 982
Фото - Caravan.kz

Сайланған президенттің тағы бір мәлімдемесі міндеттерін дұрыс атқармаған шенеуніктерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысы болып табылады.  

Мирзиёевтің сөзіне жүгінсек, 25 қыркүйек күні ғаламторда премьер-министрдің виртуалды қабылдау бөлмесі ашылды. Осы уақыт аралығында виртуалды қабылдауға 218 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Олардың 59% —ның шешімі табылды, ал 41%-ы әлі қаралуда. Бұл өтініштерді сараптау арқылы азаматтар өмірінде күрделі мәселелер бойынша көп нәрсе белгілі болған екен.

"Санамызда бір сұрақ туындайды: билік органдары мен ведомстволар, тиісті басшылар бұл мәселелерді уақытылы шешпей қайда қарап жүр? Елімізде "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы" бөлек заң бар емес пе. Алайда, өкінішке орай, заңның жүзеге асырылуына мән беріп жүрген ешкім жоқ", — деп ойын қорытты Шавкат Мирзиёев.

Сол себепті, президенттің пайымдауынша, осы заң талаптарын орындамаған басшылар мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет.