Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Гиннестің рекордтар кіт

  • 13 Желтоқсан 2016
  • 927
Фото - Caravan.kz

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Вaq.kz.

Головкин бұл құрметке нокауттардың ең жоғары пайызын көрсеткені үшін ие болып отыр. Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы 36 жекпе-жек өткізіп, оның 33-ін нокаутпен ұтты. Сондай-ақ қатарынан 23 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша Головкин нокаутпен аяқтаған жекпе-жектердің көрсеткіші 91,67 пайызға теңесті. Қазіргі таңда бұл орта салмақтағы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.