Massaget.kz сайтының хабарлауынша, ауғанстандық жас бала аргентиналық сұрмергеннің есімі жазылған «жейдені» полиэтиленді қаптан (пакет) жасап киген. Ғаламторға жүктелген сурет әлем назарын аударып, көп талқыланған-ды.
Суретке танымал футболшының да назары ауып, баламен жолығып, жейдесін сыйлауға ынта танытқан еді. Соның сәті Дохадағы «Барселона» мен «Аль-Ахли» командалары арасындағы жолдастық кездесудің алдында түсті. Футболшы Мұртазаны құшағына қысып, естелік суретке түсті.
Айта кетейік, осыған дейін футболшы Мұртаза Ахмадиге қолтаңбасы қойылған жейдені сый ретінде жолдаған болатын.