Оралға сақырлаған сары аяз келді. Бір апта бойы тұрған суықтан үсіп қалғандардың саны да артуда. Бұл туралы КТК хабарлайды.
Өткен екі күн ішінде облыстық ауруханаға қол-аяғын үсіткен 3 адам түскен. Синоптиктер аяз демалыс күндері де жалғасады деп болжайды. Осыған байланысты сабақтар да тоқтап жатыр.
Алғашында бастауыш сыныптағылар оқудан босатылған. Ал бүгін аяз минус 30 градустан асқан соң 9 сыныпқа дейінгілердің де сабақтары тоқтады. Дегенмен мұғалімдер бұл үзілістер мектеп бағдарламасын меңгеруге әсер тепейді деп отыр.
“Сабақтардың тоқтауы мектеп оқушыларына кедергі келтірмейді. Осы уақытқа жоспарланған оқу бағдарламасы түгел қамтылып бітті. Бұл үзіліс оқушыларға кері әсер етпейді деп ойлаймын”, – деді №9 мектептің директоры Александр Мозжухин.