Қазақстан Cыртқы істер министрлігі Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандықты қатаң айыптады, деп хабарлады Caravan.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәуелсіз елдің уәкілетті өкіліне қарсы бағытталған лаңкестік әрекет үрей туғызып, екі елдің арасына ірткі салу үшін жасалған, делінген хабарламада. Ресми Астана оққа ұшып, көз жұмған ресей елшісінің туған туыстарына көңіл айтып, қастандық оқиғасының жіті тексерілетініне сенім білдірген.
Еске сала кетсек, Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловқа қарсы қастандық 19-желтоқсанда Анкарада жасалған. Елші өнер көрмесінің ашылуында сөйлей бастағанда белгісіз ер адам тапаншамен оқ атқан. Елші ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілгенімен, ұзамай қаза тапқан.