Ғаламторда көзге еріксіз жас алдыратын кезекті видео таралып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғаламторда көзге еріксіз жас алдыратын кезекті видео таралып жатыр

Ғаламторда көзге еріксіз жас алдыратын кезекті видео таралып жатыр

Түркиялық бір телеарнаның студиясында болған сұхбаттан үзінді қазір әлеуметтік желілерде тарала бастады. Онда көзге еріксіз жас алдыратын видео көрсетіледі.

  • 20 Желтоқсан 2016
  • 4700
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

«Бір оңашалау жерде дәрігерлер ауыр жараланған пациентті емдеуге талпынып жатыр. Наркоз жоқ. Анестезия салуға да мүмкіндік болмай тұр. Осыдан кейін пациентке оны ұйықтатпастан ота жасалады. Қалай жасап жатқанын көрейікші» деп тележүргізуші бір видеоны жұрт назарына ұсынады.

Онда Сирияның Алеппо провинциясындағы жертөлелердің бірі түсіріліпті. Сыртта содырлар шабуыл жасап жатыр. Сондықтан мұнда анестезияға арналған жабдық әкелуге мүмкіндік жоқ. Осыдан кейін дәрігерлер, амал жоқ, бес жасар балаға оны ұйықтатпай-ақ ота жасауға кіріседі. Ал бала Құран сүрелерін (Баина мен Таббат) оқу арқылы ауыртып жатқанын білдірмеуге тырысады.

Видеоны көрсеткеннен кейін тележүргізуші жылап жібереді.


Ал студия қонағы былай дейді: «Мен тарихшымын. Тарихта талай тирандар келіп-кеткен. Мен Перғауынды, Неронды жек көрдім, оларға тіл тигіздім. Енді бұлардан кешірім сұраймын. Мынадайлар да бар екен ғой. Мына арсыздар, титімдей де құрметке татымайтын қорқақтар. Бес жасар бала… (жылайды). Қарғыс атсын! Қарғыс атсын!»