“Негізі қызым олай айтпайды. Мұндай жағдай біздің отбасымызда болмайды. Мұны тіпті елестете де алмаймын. Мен бұл дәстүрге қарсымын. Әйелі бола тұра басқа біреуді алу деген – оны жақсы көріп қалып, ғашық болып қалып алу емес, оған көмек ретінде алу. Мысалы, жесір әйел болып жатса, ол балаларымен қалып қойып жатса, көмек ретінде тоқалдыққа алуға болады. Алланың ризашылығын алу үшін ғана алуға болады. Ал тоқалды сүйіп қалғандықтан алып отырмын дейтіндердің бәріне қарсымын”, – дейді Абай Бегей.
Естеріңізде болса, жыл ортасында Қарақат Әбілдина да Қыдырәліге тоқал алып беремін деп айды аспанға бірақ шығарған болатын. Тіпті, сол кездің өзінде жұлдызды жұптың әріптестері Қарақаттың бұл ойын толықтай қолдаған болатын.