«Атырау» түркиялық клубқа 11 гол соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Атырау» түркиялық клубқа 11 гол соқты

«Атырау» түркиялық клубқа 11 гол соқты

Түркияда жиын өткізіп жатқан «Атырау» анталиялық клубты тас-талқан етті - 11:0.

  • 22 Желтоқсан 2016
  • 951
Фото - Caravan.kz


Жиындағы екінші жолдастық матчта атыраулықтардың қарсыласы «Serik Dikmen Spor» клубы болған. Бұл ойында да «Атыраудың» бас бапкері Зоран Вулич жиынға келген барлық футболшыны алаңға шығарды.

Үзіліске дейін Алексей Маров пен Руслан Эсатов гол соққан. Ал екінші таймда қарсылас қақпасына жауапсыз тоғыз доп енді. Виталий Ли дубль жасаса, Қуаныш Қалмұратов пен Наурызбек Жагоров бір голдан соқты. Қалған бесеуін байқауға келген ойыншылар салды.