Төреғали Төреәлінің аты мектептегі мәжіліс залына берілмеген екен - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төреғали Төреәлінің аты мектептегі мәжіліс залына берілмеген екен

Төреғали Төреәлінің аты мектептегі мәжіліс залына берілмеген екен

Алматыдағы №157 мектепте Төреғали Төреәлі атындағы мәжіліс залының ашылуы жұрттың ашуын тудырғаны туралы кеше жазғанбыз. Ал бүгін бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны белгілі болып отыр. 

  • 22 Желтоқсан 2016
  • 1121
Фото - Caravan.kz

Мұны Qamshy.kz тілшісі анықтады. Аталған мектеп директоры Света Ағабекқызы өз мекемесінде Төреғали Төреәлі атындағы мәжіліс залы жоқ екенін және болашақта да ашылмайтынын айтқан.

«Төреғалидың продюсері «Төреғали Төреәлінің атындағы мәжіліс залды ашу» туралы ұсыныс жасады. Алайда біз өз бетімізбен ондай зал аша алмаймыз. Ол үшін әкімшіліктің, білім басқармасының рұқсаты керек. Біз аты аталған мекемелерге ол ұсынысты жіберген де жоқпыз. Сондықтан «Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі атындағы мәжіліс залы» №157 мектепте ашылмады және болмайды да. Ал фото мен видеоға қатысты айтар болсам, тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға Төреғали қонақ ретінде келіп кеткен. Сол уақытта түсірілген фото мен видео» деді мектеп директоры.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын өзін Төреғали Төреәлінің директорымын деп таныстырған Фариза Спандиярова өзінің инстаграм парақшасында «Бүгін бізде тағы бір қуанышты жаңалық. Наурызбай ауданындағы, нөмірі 157-ші мектептің ішінен Ұлы Дала баласы — Төреғали Төреәлі атындағы «Мәжіліс залы» ашылды. Ендi мектептің барлық іс-шаралары осында өтетін болады» деп жазған еді.


Әншінің атында мәжіліс залы ашылғаны туралы ақпарат шыққанда, жұрт бұған түсінбеушілік танытып, көпшілік әлеуметтік желілерде наразылық білдірді.