Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
"Мына жатар орындар түйткүл боп тұр. Қонақ үйлер жетіспейді. Сондықтан жоғары оқу орындары өздерінің жатақханаларын босатып беруге әзір. Өйткені бұл ұлттық жоба ғой. Сондықтан бәріміз де ат салысуымыз керек. Түсіністікпен қарауымыз керек" дейді Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.
Ал қонақтарға жатақханадағы орнын босатып беруі тиіс мыңдаған студент жаппай каникулға жіберіледі. Көрменің маусымда басталатынын ескерсек, университеттерде сабақ та, емтихан да, осы мерзімге дейін бітіп болуы тиіс.
ЭКСПО қыркүйекке дейін созылатындықтан сәйкесінше жаңа оқу жылының басталуы да кейінге шегерілмекші. Көрмеге 2 миллионнан астам турист келетіндіктен, енді студенттердің жатақханалары жөндеу көріп, жаңарып қалмақ.