Қала ауруханаларында тағы 31 науқас жатыр. Төтенше жағдайға байланысты рейд жүргізген полиция жергілікті колледждің жертөлесінен 10 мың шөлмек тұнба тапқан. Оған қоса соңғы төрт күнде заңсыз айналымда жүрген 20 мың литр алкогольді өнім тәркіленді. Осы істерге қатысты 12 адам тұтқындалған. Еске сала кетейік, Иркутскіде долана тұнбасынан улануға қатысты алғашқы дерек 17 желтоқсанда тіркелді. Сараптама қорытындысы тұнбаның құрамында адам өміріне аса қауіпті метил бар екенін көрсетті.