Мұндай мәлімдемені Ресей Президенті Владимир Путин жасады. Оған қоса Қара теңізге құлаған әуе кемесінің не себепті апатқа ұшырағаны жіті тексеріледі және қаза тапқандардың отбасына барынша көмек көрсетіледі. Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі және ақпараттар басқармасының басшысы Игорь Конашенковтың мәлімдеуінше, ұшақты тәжірибелі ұшқыш Волков Роман басқарған. Ол осы уақытқа дейін 3 жарым мың рет көкке көтерілген бірінші дәрежелі ұшқыш.