Қазақстанның үш облысында жол жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның үш облысында жол жабылды

Қазақстанның үш облысында жол жабылды

Бүгін Қазақстанның үш облысында боранға байланысты жолдар жабылған. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

  • 26 Желтоқсан 2016
  • 587
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында қатты желге байланысты Сарыөзек-Көктал (40-80 км) және Үшарал-Достық (83-184 км) барлық транспорт үшін жабық.

Солтүстік Қазақстан облысында Саумакөл-Жаңа Есіл тас жолының 91 килотмері жабылды. Шығыс Қазақстан облысында Алматы-Өскемен, Күршім-Қалжыр жолының біраз бөлігінде қозғалыс тоқтатылған.

Синоптиктер бүгін Қазақстанның біраз аймағында қатты жел тұрып, боран соғатынын ескертті.