Балғындарға елбасы бейнеқұттықтау жолдап, ізгі тілегін арнады. Сахнада ән шырқалып, сан алуан билер биледі. Қарша қыз бен Аяз ата, ертегі кейіпкерлері көңілді кештің көрігін қыздыра түсті. 4Д форматында шоу қойылым көрсетіліп, балдырғандарға тәтті сыйлықтар үлестірілді. «Expo жаңа жылдық алауы» атты игі шараға қала әкімі Әсет Исекешев те қатысты.
— Мен бірінші рет келіп тұрмын. Маған елбасының шыршасы қатты ұнады. Өйткені өте көңілді болды. Мен болашақта дәрігер хирург болуды армандаймын. Сол арқылы мен бүкіл халықтың денсаулығын сақтап қалғым келеді, дейді 7 сынып оқушысы Балғынбек Бекболат.