Кеттің бе, біттің! - Қайым-Мұнар Табеев Бекжан Ыдырысовқа - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеттің бе, біттің! - Қайым-Мұнар Табеев Бекжан Ыдырысовқа

Кеттің бе, біттің! - Қайым-Мұнар Табеев Бекжан Ыдырысовқа

Белгілі журналист Бекжан Ыдырысов әлеуметтік желіде елден кеткені туралы жазған еді. "Біржола кеттім деп үміттенемін" деді ол. Онысымен қоймай, қазақтардың шектен тыс мақтаншақ екенін айтып, жерден алып жерге салған. "Қазақтар мені шаршатты" деп бастайды ол әңгімесін.

  • 27 Желтоқсан 2016
  • 1565
Фото - Caravan.kz


Енді Ыдырысовты қолдап жатқандар да, қатты кеткені үшін кінәлап жатқандар да бар. Ал белгілі жазушы-журналист, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы бірнеше кітаптың авторы Қайым-Мұнар Табеев оның Фейсбуктегі жазбасын "нақұрыстық" деп атаған. Ыдырысовқа бағыттаған пікірін ол орысша жазыпты. Соны біз қазақшаға аудардық.

"Француздардың ""Кетіп қалу аздап өлгенмен тең" деген жақсы мақалы бар. Шын мәнісіне келсек, біздің "бұлбұл" әлдеқашан өліп қалған. Ол өзінің қазіргі қазақтарға қажет еместігін түсінді. Өйткені интеллектуалдық және білім деңгейінің төмендігі (бұған Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың тілін білмейтінін қосыңыз) кеңес одағы кезіндегідей өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан оған екінің бірін таңдау керек болды: "Мен оларға керек емеспін бе әлде олар маған керек емес пе?" Ол екіншісін таңдады. Ащы шындық мынау: ол қазақтарды ғана жек көрген жоқ, тәуелсіз елдегі басқа ұлттардың толеранттылығына да төзе алмады" дейді Табеев.

Перейти к новостям спорта