Жыл сайын Алматыда 2 мыңға жуық жігіт әскер қатарына шақырылады. Бұл жолы шақырылған 50 ер жігіт Астана қаласындағы №5537 әскери бөліміне борыштарын өтеу үшін аттанады.
Салтанатты жиын кезінде олимпиада жеңімпаздары қарумен саптық әрекеттер жасады. Дмитрий Баландин өз кезегінде барлық шақырылғандарға сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, екі чемпион да әскер қатарына шақыру қағазын олимпиадаға дейін алған болатын.
“Әр адам өз отанына қызмет етуі тиіс. Армия – әрбір ер адам өтуі тиіс мектеп. Мен бұған әрқашан дайынмын және бүгін әскери форманы да ерекше мақтанышпен кидім”, – деді Рахимов.
Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин Рио олимпиадасында 100 метрге жүзу сынында олимпиада алтынын иеленді. Ал Ниджат Рахимов ауыр атлетикадан 77 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түскен болатын.