«Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданында мерекелік концерт керемет өтті. Соңында “Заман” тобы əн салып жатқанда отшашу болды. Басында байқамадық. Сөйтсе кішкентай шырша жанып жатыр екен. Абырой болғанда мәдениет үйінің қызметкерлері сөндіріп үлгерді», – деп жазды Асхат Тарғын.
Мұны көрген желі қолданушылары оқыс оқиғаның сәтті аяқталғанына қуанды.
“Аман болыңыздар”, “Қол шапалақтап мәз боп тұрғандай-ақ”, “Масқара ғой мынау, кішкентай концертте мынадай өрт”, “Аман қалғандарына тәуба”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.