Елбасы бірнеше қазақстандық баланың жаңажылдық тілегін орындады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы бірнеше қазақстандық баланың жаңажылдық тілегін орындады

Елбасы бірнеше қазақстандық баланың жаңажылдық тілегін орындады

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше қазақстандық баланың тілегін орындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент "Аяз Атаға хат жаз" жобасын қолдады. 2014 жылдан бері "Қазпошта" АҚ жүзеге асырып жатқан осы жоба аясында әрбір адам келіп, балалардың хатын таңдап алып, олардың тілектерін орындауға болады. Осымен екінші жыл қатарынан Назарбаев осы жобаға қолдау көрсетіп, жас қазақстандықтардың армандарын орындауда. Осы жылы Нұрсұлтан Назарбаев павлодарлық Ардақ Шалабаевтың Аяз Атаға жазған хатындағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне билет сұраған тілегін орындады.  "Алдағы жылдың басты оқиғаларының бірі халықаралық көрмені жоғары дәрежеде өткізу болып табылады. Осыған орай, Мемлекет басшысы 11 жасар Ардақты қуантқысы келіп, Астанадағы ЭКСПО-ға 4 билет сыйлады", — делінген баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі хабарламасында.  Атырау облысы Махамбет ауданындағы арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушісіне Қазақстан президенті өзі үйренуге арналған тігін машинасын, сондай-ақ доптар, ракеткалар мен басқа да спорттық заттарды сыйға тартты.  

  • 29 Желтоқсан 2016
  • 648
Фото - Caravan.kz


"Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі 6 жасар Нұрислам Серіковтің де хаты жауапсыз қалмады. Елбасы оған  балалар әдебиеті мен "Лего" конструкторын сыйлауды ұйғарды, — деп көрсетілген хабарламада.  Жалпы, "Аяз Атаға хат жаз" шарасы Жаңа жыл қарсаңындағы жас қазақстандықтардың тілектерін орындауға зор мүмкіндік тудыруда. "Көптеген қазақстандықтар Мемлекет басшысынан үлгі алып, мыңдаған балақайдың армандарын орындайды деген үміттеміз. Айта кетейік, аталмыш жобаның әлеуметтік маңызы зор. Себебі, біздің азаматтарға аз қамтылған отбасылардан шыққан, мүгедек және жетім балалардың тілектерін орындауларына болады", — деп түйді баспасөз қызметінде.