Шыңжаңда шабуылдан бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыңжаңда шабуылдан бір адам қаза тапты

Шыңжаңда шабуылдан бір адам қаза тапты

Қытайдың батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында бірнеше адамы бар көлік үкіметтік мекемеге келіп соқтығып, бір адам қаза тапты.

  • 29 Желтоқсан 2016
  • 1093
Фото - Caravan.kz

Қытайдың батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында бірнеше адамы бар көлік үкіметтік мекемеге келіп соқтығып, бір адам қаза тапты. Аймақ билігінің хабарлауынша, шабуыл 28 желтоқсан күні болды. Полиция көлікпен келген төрт адамды атып өлтірді. Шабуылдан үш адам жараланды, деп хабарлады Азаттық радиосы. 

Қытайдың Орталық Азия елдіремен шектесетін Шыңжаң аймағында соңғы жылдары жергілікті халық — мұсылман ұйғырлар мен этникалық азшылықты құрайтын қытайлар арасындағы зорлық-зомбылықтардан жүздеген адам қаза тапты.

Құқық қорғаушы ұйымдар мен қуғындағы ұйғырлар зорлық-зомбылыққа Пекиннің ұйғырлардың мәдениеті мен дініне бақылау орнатпақ болған әрекеті кінәлі десе, Қытай билігі оны исламшыл экстремистерден көреді. Пекин Шыңжаңда қандай да бір қудалау жасап жатқанын жоққа шығарады.

Шыңжаң басшылығының хабарлауынша, оқиға аймақтың оңтүстігіндегі Караках ауданында болған. Ресми мәлімет бойынша, көлік мінген төрт "баскесер" Қытай коммунистік партиясының аудандық бөлімі ғимаратына келіп соқтығып, "жарылғыш затты іске қосқан".


Халықаралық агенттіктердің тілшілері үкіметтің ресми ақпаратын дербес дереккөзінен анықтай алмай отыр.

Перейти к новостям спорта