Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановтың әйелі Жоғарғы сотта шенеуніктің отбасы тұрған үйді тәркілеуден аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бағлан Ахметжанованың шағымын қарау барысында ҚР Жоғарғы соты коттеджді тәркілеуді болдырмау туралы шешім қабылдады. Онымен бірге өзге сотталушылардың шағымдары мен үкімінің «жеңіл» екенін айтып, кей тұстарымен келіспеген Бас прокуратураның наразылығы қаралды. Құзырлы органның наразылығы қанағаттандырылған жоқ. Заңгер Анна Какированың түсіндіруінше, таласқа түскен мүлік қылмыс жасалған уақытта сотталушының иелігінде болмаған. Ал, заң қылмыстық жолмен табылған мүлікті ғана тәркілеуге жатады. «Ал осы жолы іс жүзінде әкесінің қылмысы үшін қызы жазаланған»,-деп түсіндірді Какирова. Осындай жолмен Қостанай қалалық әкімдігіндегі пара алу ісі бойынша сотталған басқа қылмыскер — бизнесмен Леонид Васильевтің қызының пәтері қайтарып берілді. Алайда тәркіленген дүниенің негізгі бөлігі саудаға қойылды. Сотталушылар мүліктерінің бағасы жартылай арзандатылса да, сатып алушылар табылмай жатыр. Әзірге, Ахметжановқа тиесілі Қостанайдағы мейрамхананың жағдайы белгілі болды. Оның жалпы құны 400 млн теңдеген асады. Мейрамхананың ғимаратына мемлекеттік төрт мекеме — БЖЗҚ, жер кадастрының ҒӨО, ТИБ және жер қатынастары бөлімі орналастырылды.