Ақтөбеде экстракорпоральды ұрықтандыру орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде экстракорпоральды ұрықтандыру орталығы ашылды

Ақтөбеде экстракорпоральды ұрықтандыру орталығы ашылды

Ақтөбеде экстракорпоральды ұрықтандыру орталығы ашылды.

  • 29 Желтоқсан 2016
  • 961
Фото - Caravan.kz

Орталықты ашуға жергілікті бюджеттен 400 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ақтөбелік отбасылардың сәби сүйіп, үй ішін қуанышқа толтырудың тағы бір амалы жасалды. Бүгін облыстық экстракорпоральды ұрықтандыру зертханасы ашылды. Жаңа орталық құрылысымен құрал-жабдыққа жергілікті бюджеттен 400 миллион теңге бөлінген.

«Өңірімізде алғаш рет экстракорпоральды орталық ашылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, оған медициналық техника алынды. Заманауи үлгідегі зертхана мамандарының барлығы арнайы оқытылды. Эмбриолог, репродуктологтар білікті. Алғашқы кезде алматылық мамандар жан-жақты көмек көрсетеді»,- дейді облыстық экстракорпоральды ұрықтандыру зертханасының директоры Асхат Балықов.


Айта кетейік, экстракорпоральды ұрықтандыру орталығы репродуктивті технология арқылы жасанды ұрықтандыру әдісін жүргізеді. Облыстық перинаталдық орталықтың кеңес беру бөлімінде орналасқан зертхана қаңтар айында жұмысын бастайды. Қазір 50 жұпқа тегін көмек беру үшін олардың денсаулықтары тексеріліп жатыр. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орталықтың ашылу салтанатына қатысып, дәрігерлерге сәттілік тіледі.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, жасанды жолмен бала сүю үшін бүгінде облыста 2 мыңға жуық жұп кезекте тұр. Мемлекет тарапынан биыл тек 40 жұпқа квота бөлінген. Қалада босану қабілеті бар 130 мыңға жуық әйел тіркеуде тұрса, 1285 әйел жыныстық ауруларға шалдыққан.