АҚШ ресейлік 35 дипломатты елден қуып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ ресейлік 35 дипломатты елден қуып жатыр

АҚШ ресейлік 35 дипломатты елден қуып жатыр

Америка билігіндегілер АҚШ-тан ресейлік 35 мәмілегерді елден шығарып, жұмадан бері Ресейдің Мэриленд пен Нью-Йорк штатындағы екі мәмілег

  • 30 Желтоқсан 2016
  • 737
Фото - Caravan.kz

Америка билігіндегілер АҚШ-тан ресейлік 35 мәмілегерді елден шығарып, жұмадан бері Ресейдің Мэриленд пен Нью-Йорк штатындағы екі мәмілегерлік өкілдікті жауып жатыр, — деп хабарлайдыReuters агенттігі АҚШ әкімшілігіндегі жоғары қызметтегі шенеунікке сілтеме жасап.

Жоғары қызметтегі шенеуніктің айтуынша, Ресей азаматтары 72 сағат ішінде АҚШ аумағынан кетуі тиіс.

Ал РИА Новости мәліметінше, АҚШ президенті Барак Обама елден шығарылып жатқан мәмілегерлерді "барлаушылар" деп атаған. Барак Обаманың айтуынша, АҚШ-тағы екі мәмілегерлік өкілдік елдегі жағдайды барлау үшін қолданылып жүрген.

29 желтоқсанда, бейсенбіде Барак Обама Ресейге қатысты жаңа саңкциялар туралы қаулыға қол қойды. АҚШ қаржы министрлігінің мәліметінше, санкция Ресейдегі алты адам мен бес ведомство үшін енгізіліп отыр. Оларды америкалық жүйелерге кибершабуыл жасады деп айыптап отыр. Айта кетейік, тізімдегі алты адамның ішінде Бас барлау басқармасының басшысы Игорь Коробов, бірінші орынбасарлар Владимир Алексеев пен Игорь Костюков, орынбасар Сергей Гизунов, Алексей Белан мен Евгений Богачев бар.

Сонымен қатар, Барак Обама бұл санкциялардың "АҚШ-та өткен сайлауға араласқандарға" жауап ретінде енгізілгенін мәлімдеді.


Айта кетейік, қаулы бойынша, санкциядағы тізімге енгізілген жеке тұлғалардың мүлігіне тыйым салынатын болады.