Қазақстан мен БАЭ отандық туристерді қайтару туралы келісім жасап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен БАЭ отандық туристерді қайтару туралы келісім жасап жатыр

Қазақстан мен БАЭ отандық туристерді қайтару туралы келісім жасап жатыр

[wpcode id="1694287"] Тұманның кесірінен Эмираттарда қалып қойған қазақстандықтар жуық арада елге оралады, деп хабарлады Sputnik.Қ

  • 30 Желтоқсан 2016
  • 568
Фото - Caravan.kz


Тұманның кесірінен Эмираттарда қалып қойған қазақстандықтар жуық арада елге оралады, деп хабарлады Sputnik.Қазақстан.

 Шарджда қалып қойған қазақстандық туристтерге қатысты БАЭ авиация билігіне өтініш жолдады деді ҚР инвестиция және даму министрлігінің туризм өнеркәсібі департаментінің директоры Марат Иғалиев.

Алматы әуежайында 20-дан астам рейс кешіктірілуде Ведомствоның өкілі берген мәлімет бойынша, қазақстандық туристтерді елге қайтару жолдары қарастырылуда. Оның сөзіне жүгінсек, қазіргі уақытта ведомство БАЭ авиация биліктерінің ресми каналдарына қазақстандық туристтерді тасымалдау үшін жіберілген Қазақстан туы астындағы қосымша ұшақты қабылдап, қызмет көрсету туралы хат жолдады. Қазақстандық ведомствоның берген дерегі бойынша, Шарджда бірнеше күн тұман тұрып, жергілікті әуежай ұшақтарды қабылдап, аттандырған жоқ – нәтижесінде рейстердің кестесі бұзылып кетті.