Шахтинскіде көпқабатты үй құлап, 9 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтинскіде көпқабатты үй құлап, 9 адам қаза тапты

Шахтинскіде көпқабатты үй құлап, 9 адам қаза тапты

Шахтинск қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылды. Шахан ауылындағы төтенше жағдай туралы хабар Қарағанды облыстық ТЖД құтқару бөлімшесінде 1 қаңтарда сағат 22.40-та түскен. Оқиға орнына ТЖД-ның қызметкерлері мен көліктері үй тұрғындарын эвакуациялау үшін жіберілген.

  • 2 Қаңтар 2017
  • 733
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Ал кейін Иманқұловтың айтуыша, қираған үйдің астынан 9 адамның мәйіті табылған. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар қирандының астынан адамдарды іздеп жатыр.